жұма, 5 желтоқсан, 2025 23:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аланияда Абайдың 180 жылдығы аталып өтті

Аланияда Абайдың 180 жылдығы аталып өтті
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Аланиядағы Абай атындағы саябақта ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараға қазақстандық және түрік мәдени қауымдастықтары мен жергілікті билік өкілдері қатысты.

Мерекені Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығы, Алания қаласы әкімдігі және Құрметті консул Ахмет Джебеджи бірлесе өткізді. Құрметті қонақтар қатарында Алания әкімі Осман Тарык Өзчелик болды.

Шара Абай ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталып, ақынның қазақ мәдениеті мен әлемдік әдебиетке қосқан үлесіне құрмет білдірілді. Бас консул Қуат Канафеев құттықтау сөзінде Түркияда қазақ тілі мен дәстүрінің сақталуы және Абай мұрасының ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуі жайында айтты.

Бағдарламада Абайдың түрік тіліне аударылған өлеңдері мен әндері орындалып, ақын өмірі мен шығармашылығына арналған викторина өтті. Жергілікті көрермен қазақ мәдениетінің рухын сезініп, Абайдың терең философиясымен танысты.

Бұл мерейтой Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланысты нығайтып, Абай мұрасын түрік жұртшылығы арасында кеңінен танытуға ықпал етті.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар