Қаланы ластаған тұрғын жауапқа тартылды
Қала тазалығы – баршаға ортақ міндет. Өкінішке қарай, мұны түсінбейтін тұрғындар аз емес. Жуырда әлеуметтік желіде «Самал» ықшамауданы, 50-ші үйдің маңына қоқыс төгіп, қоршаған ортаға зиян тигізген тұрғынның видеосы тараған еді, -деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл мәселе бойынша жергілікті полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп, қаланы ластап, қоршаған ортаға зиян тигізген тұрғынның жеке басын анықтады.
Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК 434-2 бабы 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, қоқыс тастаған тұрғын жауапқа тартылған.
Естеріңізге сала кетейік, Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі көктемгі екі айлықтың жоспары мен кестесі (1 наурыздан 1 мамырға дейін) жарияланған болатын. Қаулы аясында көне шаһарда көктемгі санитарлық-тазалық жұмыстары жалғасуда.
«Жасыл ел – Тараз» жұмысшылары қала ішіндегі тұрмыстық қалдықтарды тазалап, тиісті орынға шығаруда және қаланы көктемгі абаттандыру- көгалдандыру талабына сәйкес, гүл егуді қолға алынған.
Тахмина Әшірбай
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті