Жаңалықтар
Alatau City – Қазақстанның алғашқы цифрлық қаласы
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 қыркүйек, 2025
- 440
Бұл туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке 10 күн ішінде Алатау қаласына арнайы мәртебе беру жөніндегі жарлық жобасын әзірлеуді тапсырды.
Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы жарты жыл ішінде қала басқару тәртібі, қаржылық моделі және өзге де маңызды қырлары айқындалатын жеке заң қабылдануы тиіс.
Тоқаевтың сөзінше, арнайы мәртебе — артықшылық емес, көзделген жоспарларды жүзеге асыруға қажетті қадам.





