сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 23:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алаяқтар БЖЗҚ атынан жұртқа спам-хаттар жолдауда

Алаяқтар БЖЗҚ атынан жұртқа спам-хаттар жолдауда
ашық дереккөзі
Алаяқтар БЖЗҚ атынан жұртқа спам-хаттар жолдауда
  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары әлеуметтік желі және мессенджерлер арқылы алаяқтардан жалған хаттар ауық-ауық келіп отыратындығына шағымданады. Алаяқ өзін зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстыра отырып, банктік карточкаларының нөмірін анықтауға тырысады және зейнетақы жинағын қайта есептеу үшін салымшының реквизиттерін айтуды сұрайды.  Мұндай спам-хаттар Ресей Федерациясында бірнеше ай бойы тараған және оның Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесімен ешқандай байланысы жоқ екендігі анықталды. БЖЗҚ мұндай хабарламаларды жібермейді және жеке мәліметтер мен сіздің банктік картаңыздың мәліметтерін телефон арқылы сұратпайды, деп хабарлады зейнетақы қорынан. Сондай-ақ, БЖЗҚ бейтаныс сайттардың күдікті сілтемелерін баспауға кеңес береді және ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан тексеруді сұрайды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар