Алаяқтықтың жаңа әдісі пайда болды
"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ қазақстандықтарға осындай ескерту жасады.
+870 кодынан қоңырау келсе – көтермеңіз, қайта қоңырау шалмаңыз, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мамандардың зерттеуінше, +870 коды теңізде, әуеде және шалғай аймақтарда қолданылады.
Алайда алаяқтар бұл нөмірлердің Қазақстандық операторлар нөміріне ұқсастығын пайдаланып, тұрғындарды алдап, жеке деректерін алуға тырысуда.
Есте сақтаңыз!
Жеке ақпаратыңызды, SMS кодтарыңызды және банк картасының деректерін ешкімге бермеңіз!
Күмәнді қоңырауларға жауап бермеңіз!
Алаяқтық әрекеттерін байқасаңыз, тиісті органдарға хабарлаңыз!