Жаңалықтар

Алдағы 2 жылда ең төменгі жалақы мөлшері 65%-ға өседі

Алдағы 2 жылда ең төменгі жалақы мөлшері 65%-ға өседі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оны есептеудің жаңа әдістемесін әзірлеп жатыр. Ол үшін Франция, Бразилия, Нидерланды, Малайзия секілді елдердің тәжірибесіне жүгінбек. Сөйтіп, ең төменгі жалақы мөлшерін инфляция мен елдегі өмір сүру құқына сай есептеп шығармақ. Осы арқылы төменгі жалақы мөлшері 2 жылда 65%-ға көтеріледі дейді министрлік өкілдері. Бұл 2 миллиондай адамның табысын арттырмақ.