Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы 3 күнге болжам жасады
Қазгидромет алдағы 3 күнде күн жылы болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, көктайғақ пен тұман күтіледі. 1 қарашада республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді деп күтілуде. Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжануда. Елдің батысында +12+17°С, солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15°С, солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17°С, ал таулы аймақтарда +3+8°С», — делінген Қазгидромет хабарламасында.