Жаңалықтар

Алдағы екі жылда еліміздегі жолаушылар ұшағы 150-ге жуықтайды

Алдағы екі жылда еліміздегі жолаушылар ұшағы 150-ге жуықтайды

Қостанайда облыс орталығының әуежайын қайта жаңартудың қаншалықты орынды екендігі туралы мәселе көтеріліп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Көлік министрі Қостанай облысына жұмыс сапары барысында дәстүрлі түрде өңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады.

Облыс тұрғындарымен кездесуде 70-ке жуық жергілікті кәсіпкер, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері келді. Өңір тұрғындары облыстың көлік инфрақұрылымының нашарлап кетуіне қатысты мәселелерді көтерді. Автожолдардың сапасы, елді мекендер ішінде және қала арасындағы автобус қатынасы мен теміржол көлігіндегі сервистің төмен деңгейі де талқыланды.

Бұдан басқа, облыс тұрғындары ведомство басшысынан Қостанай әуежайын қайта жаңартудың қаншалықты орынды екендігі жөнінде сұрады. Өйткені билеттің қолжетімсіздігіне байланысты авиакөлік өңірде аса сұранысқа ие емес.

Министрдің жеке қабылдауына автобуспен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жәнеЯндекс такси мен Индрайвер агрегаторларының қызметіне қатысты мәселелер бойынша азаматтар жазылдыАзаматтардың арқалап келген өтініштерін мұқияттыңдаған соң министр аталған мәселелерді шешуүшін нақты ұсыныстар қажет екендігін тілге тиек етіп, келесі аптада тасымалдаушылардың мәселелерін егжей-тегжейлі талқылау үшін тағы бір кездесу ұйымдастырылатынын айтты.