Алдағы күндерде ауа райы жылынады
Еліміз бойынша 2021 жылдың 12-14 қазанына арналған ауа райы болжамы. Алдағы уақытта ауқымды антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 12 қазанда таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ республика бойынша түнде және таңертең тұман түсіп, солтүстікте көктайғақ, батыс және оңтүстікте дауыл болады деп болжануда. Батыста күндіз температура біртіндеп көтеріліп, 13-20 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталықта 8-15, оңтүстік аймақтарда 13-20 градусқа дейін жылынады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қытайда су тасқыннан 2 миллионға жуық адам жапа шекті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі лауазымына тағайындалды
- авторjambylinfo.kz
- 9 қаңтар, 2025