Жаңалықтар

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 20-22 тамыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі  "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. "Оңтүстік циклонның келуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Аптаның соңында оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл, бұршақ түсуі мүмкін. Содан кейін қысқа антициклон жылжып, жауын-шашынның тоқтатылуы және батыста ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді", - деді синоптиктер. Tengrinews.kz