Жаңалықтар

Алдағы үш күнде елімізде жауын-шашын болады

Алдағы үш күнде елімізде жауын-шашын болады

Синоптиктер алдағы үш күн бойы елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. «Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде атмосфералық бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, екпінді жел соғады, солтүстікте, шығыста бұршақ жаууы мүмкін, 27 шілдеде облыстың шығысында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс антициклонының әсерімен 25-26 шілдеде оңтүстікте, 27 шілдеде елдің батыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер жоқ», - деп болжайды синоптиктер.