Жаңалықтар

Алдағы үш тәулікте күн суытып, 28 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш тәулікте күн суытып, 28 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет 20-22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Атап айтқанда қар жауып, бұрқасын соғады, желдің қарқыны - 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Суық арктикалық ауа массаларының әсерінен республиканың бүкіл аумағында ауа температурасы төмендейді. Елдің солтүстік-батыс, солтүстік, орталығында 15-28 градус аяз болады.