дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алдағы үш жылда Аралдың құрғаған бөлігіне 1,1 млн гектар сексеуіл егіледі

Алдағы үш жылда Аралдың құрғаған бөлігіне 1,1 млн гектар сексеуіл егіледі
ашық дереккөзі
Алдағы үш жылда Аралдың құрғаған бөлігіне 1,1 млн гектар сексеуіл егіледі
Құмды және сортаң жерлерде өсетін сексеуіл - шөлге төзімді, адам мен қоршаған ортаға пайдасы қашан да ұшан-теңіз болған. Қазір де солай. Діңі мен бұтақтары қатты, тамыры тереңнен су соратын ол шаңды дауылға төтеп бере алады, жерді сор мен құм құрсауынан сақтайды. Деректерге сүйенсек, жер көлемі 272 миллион гектарды (2 724 902 км²) алып жатқан Қазақстан территориясының тең жарымынан көбі шөлейтті және құмды. «Балығы тайдай тулаған» Арал теңізінің тартылуынан еліміздегі сортаң жерлер одан сайын ұлғайды. Әлемде төртінші үлкен теңіз болған Аралдың бұл күнде 4 миллион 600 мың гектар жері құрғап қалды. Оның 2,2 миллион гектардан астамы Қазақстан, ал 2,3 миллионы Өзбекстан аумағында жатыр. Сөйтіп, ірі Аралқұм шөлі қалыптасты. Мамандардың есебінше, жыл сайын осы жерлерден ауаға 100 миллион тоннадан астам улы тұз, шаң мен құм көтеріліп, дүниенің әр қиырына тарауда. Осылайша, Аралдағы экологиялық апат өңірлік қана емес, жаһандық күрделі мәселеге айналды. «Мұндай зиянды тұз түйіршіктері желдің екпінімен осылай жайыла берсе, онда Арктикаға дейін жетіп, мұздардың еруін жылдамдатуы мүмкін» деп, экологтар дабыл қағуда. Мұздықтар суға айналса, оның салдарын елесетудің өзі қорқынышты
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар