Жаңалықтар

«Қалдықтардың Онлайн-картасын»: Жамбылдықтар заңсыз қоқыс алаңдары туралы QR-код арқылы хабарлай алады

The final spritzer

Бұл туралы облыстың прокуратурасы хабарлады

Жамбыл облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы цифрлық процестерді қолға алып жатыр. Дәлірек айтсақ, прокуратура Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп «Қалдықтардың Онлайн-картасын» таныстырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Енді аймақ тұрғындары арнайы «телеграм-бот» пен «e-jambyl.kz» өңірлік геоақпараттық жүйені пайдалана отырып, аймақтағы стихиялық полигондар туралы тиісті органдарға хабарлай алады.

Тұрғындар хабарламаны телеграм мессенджеріндегі «taraz_tbobot» немесе адамдар көп жиналатын жерлерде хабарландыруларда орналастырылған QR-код арқылы жолдай алады.