дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 8:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алекс Лесли: "Маған Қазақстанға кіруге ресми түрде тыйым салынған жоқ, бәрібір келемін!"

Алекс Лесли: "Маған Қазақстанға кіруге ресми түрде тыйым салынған жоқ, бәрібір келемін!"
ашық дереккөзі
Алекс Лесли: "Маған Қазақстанға кіруге ресми түрде тыйым салынған жоқ, бәрібір келемін!"
"Қазақ қыздарын сындырамын" деп желіні шулатқан “Алекс Лесли” лақап атымен танымал ресейлік пикапер Александр Кириллов өзінің телеграм-арнасында "Маған Қазақстанға кіруге ешкім ресми түрде тыйым салынған жоқ, рейсімді тоқтатпаймын" деп мәлімдеді. Бұл туралы Жамбылинфо "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
"Маған Қазақстанға кіруге тыйым салынды деп БАҚ таратқан қауесеттерге сенбеңіздер. Менің Қазақстанға кіруіме тыйым салынғаны туралы ресми растау жоқ, ТАСС-та да, басқа басылымдардың бірде-біреуінде де ресми сілтеме жоқ. Мүмкін емес. Біз ешқандай заңды бұзып отырған жоқпыз. Мен рейсімді тоқтатпаймын. БАҚ-ның арандатуларына жол бермеңіздер", - деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Полиция департаменті қабылданған шаралармен Ресей Федерациясының азаматы А.Кирилловтың Қазақстанға кіруіне бір жылға тыйым салынғанын мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар