Жаңалықтар

Алекс Лесли: "Маған Қазақстанға кіруге ресми түрде тыйым салынған жоқ, бәрібір келемін!"

Алекс Лесли: "Маған Қазақстанға кіруге ресми түрде тыйым салынған жоқ, бәрібір келемін!"

"Қазақ қыздарын сындырамын" деп желіні шулатқан “Алекс Лесли” лақап атымен танымал ресейлік пикапер Александр Кириллов өзінің телеграм-арнасында "Маған Қазақстанға кіруге ешкім ресми түрде тыйым салынған жоқ, рейсімді тоқтатпаймын" деп мәлімдеді. Бұл туралы Жамбылинфо "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Полиция департаменті қабылданған шаралармен Ресей Федерациясының азаматы А.Кирилловтың Қазақстанға кіруіне бір жылға тыйым салынғанын мәлімдеген болатын.