сәрсенбі, 19 ақпан, 2025 18:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Али Алиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болды

Али Алиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болды
Фото: QFL.kz
Отандасысыз жақында ғана «Қызылжар» бас бапкерлігінен кеткен болатын.

  Бұған дейін маман «Жеңіс», «Шахтер» клубтарымен және «Астананың» жастар командасымен жұмыс істеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның басшылығымен Петропавл командасы 2023 жылғы маусымның Премьер-лигасында бесінші орынға ие болды және Конференция лигасының іріктеуіне қатысып, бірінші іріктеу кезеңінде Хорватияның «Осиек» командасынан жеңілген.

Ал, Қазақстан құрамасының тізгінін бұған дейін ұстаған ресейлік маман Станислав Черчесов бүгін отставкаға кетті. 2024 жылдың жазынан бастап бас бапкер болған ол Қазақстан құрамасымен бірде-бір жеңіске жете алмады. Тіпті, ол жаттықтырған уақытта ұлттық құрама бірде-бір гол соға алмаған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне қатысады. Біздің команда Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен бір топқа түскен.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар