Алмас Өтешов жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мәлімдеді.
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Алмас Өтешов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Спорт басқармасының мәліметінше, Алмас Өтешов осы уақытқа дейін яғни бес айға жуық басқармаға қарасты "Мұз айдыны" мекемесінде әдіскер болып қызмет атқарған.
Алмас Дәулетярұлы – ауыр атлетикадан Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы.