Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы болып Марат Пашимов тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Марат Пашимов 1981 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Денсаулық сақтау саласында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Әр жылдары мейіргер, анестезиолог-дәрігер болып жұмыс істеген.
Сондай-ақ реанимация және телемедицина бөлімшесінің меңгерушісі, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс пен төтенше жағдайлар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған. Қалалық емхананы, облыстық клиникалық аурухананы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарған.
2023 жылдан бастап Алматы қаласындағы "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ның басқарма төрағасы болған.