жексенбі, 7 шілде, 2024 6:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Алматы-Анталья» әуе рейсі арқылы 3 келі алтын тасымалдамақ болғандар сотталды

«Алматы-Анталья» әуе рейсі арқылы 3 келі алтын тасымалдамақ болғандар сотталды
ашық дереккөзі
«Алматы-Анталья» әуе рейсі арқылы 3 келі алтын тасымалдамақ болғандар сотталды
Алматыда аса ірі көлемде алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық әрекетті Алматы қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Алматы қалалық ҰҚК департаментінің қызметкерлері бірлесіп тоқтатты. Тергеу барысында зергерлік бұйымдарды сату саласындағы екі кәсіпкердің «Алматы-Анталия» әуе рейсі арқылы 68 млн теңгеның жалпы салмағы 3,1 кг бірнеше алтын құйманы тасымалдауға тырысқаны анықталды. Экономикалық контрабандаға әуе компаниялардың бірінің екі қызметкері көмектескен. Сот үкімімен айыпталушылар экономикалық контрабанданы алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Екі ұйымдастырушыға әрқайсысына 3,3 млн теңге айыппұл түрінде, екі сыбайласқа – 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бостандығын 1 жыл мерзімге шектеу түрінде жаза тағайындалды. Тәркіленген алтын мемлекет кірісіне айналдырылды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар