Almaty Arena мен Halyk Arena мемлекетке қайтарылды

Алматы әкімдігі спорт инфрақұрылымын дамыту мен жаңғыртуға кешенді тәсілді қолға алды.
Түрлі қызметке арналған Almaty Arena және Halyk Arena кешендері мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2024 жылдан бастап ірі спорт нысандарын коммуналдық меншікке қайтару үрдісі басталды. Соның ішінде Almaty Arena және Halyk Arena кешендері де бар еді.
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыда мәнерлеп сырғанаудан спортшыларды толыққанды даярлау үшін жағдай жасалмағанын айтқан еді. Михаил Шайдоров Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановпен кездескен кезде спорт инфрақұрылымы қолжетімді болғаны, жағдай жасалғаны үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар Алматы әкімдігі қаланың спорт нысандарын жаңғыртудың кешенді жоспарын жүзеге асырып жатыр.
Биыл орталық стадионды қайта құру басталады, оның сыйымдылығы 35 мың орынға дейін ұлғайтылып, халықаралық стандарттарға сай болмақ. Сондай-ақ Медеу мұз айдынын жаңғырту жоспарланып жатыр.