Алматы аумағында тағы да жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 22 наурыз күні сағат 08:47-де жер сілкінісін тіркеді. Дүмпу Алматыдан 592 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 592 шақырым жерде Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жатыр екен.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11.9. MPV магнитудасы — 5.0. Жер сілкінісінің бағыты 39.44° с. б. 71.89° ш. б. Тереңдігі — 5 км.