Жаңалықтар

Алматы әкімдігі гүл сатып алуға 40 млн теңге жұмсамақ

Алматы әкімдігі гүл сатып алуға 40 млн теңге жұмсамақ

Алматы әкімдігі гүл сатып алуға 40 млн теңге жұмсамақ Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа сүйенсек, Алматы әкімдігі 2022 жылы тамызда гүл өнімдерін сатып алуға келісім шарт бекіткен. Бір көзден сатып алу тәсілі арқылы әлеуетті өнім беруші ретінде Gulder.kz ЖШС таңдалған. Санат Есшан жетекшілік ететін компания нарықта 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2022 жылы ақпанда бекітілген келісім шарттың бастапқы құны – 25 млн теңге. Осы жылы тамызда қосымша келісім жасалып, негізгі сомаға тағы 15 млн теңге қосылған. Қаржыландыру көзі – облыстық бюджет және республикалық маңызы бар қала бюджеті. Алматы әкімдігі гүл жеткізу қызметі бойынша екі жылдан бері Gulder.кz ЖШС жүгініп келеді. 2021 жылы екі тарап 22 млн теңгеге келісім шарт жасаған.