Алматы маңында екі жер сілкінісі тіркелді
Алматы маңында екі жер сілкінісі тіркелді
Алматыдан 278 және 279 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,2 балдық екі жер сілкінісі тіркелді. Біріншісі 27 ақпанда Алматы уақытымен 3 сағат 42 минут 15 секундта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған. Екіншісі 5 сағат 58 минут 05 секундта тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Алматыда жерасты дүмпуі сезілмеген.