Жаңалықтар

«Алматы марафонының» 47 жастағы қатысушысы қайтыс болды

«Алматы марафонының» 47 жастағы қатысушысы қайтыс болды

Алматы марафонының қатысушысы, 47 жастағы Рүстем Садықов мәре сызығын кесіп өткенен кейін қайтыс болды. Бұл туралы марафонды ұйымдастыру комитеті мәлімдеді, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

Жарыстың бас дәрігері Оразбек Саховтың айтуынша, марқұм Республика алаңындағы мәре сызығын кесіп өтіп, бірнеше метр қадам басқаннан кейін бірден құлап түскен.

Марқұмның жақындарының айтуынша, ол жүгіру жарысына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Сәуір айында Алматы жартылай марафонына, 2021 жылғы Алматы марафонына да қатысып, 10 шақырым қашықтыққа жүгірген.