жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы мен Балқашта шенеуніктер жылуға бөлінген қаржыны жымқырған

Алматы мен Балқашта шенеуніктер жылуға бөлінген қаржыны жымқырған
ашық дереккөзі
Алматы мен Балқашта шенеуніктер жылуға бөлінген қаржыны жымқырған
Алматы және Балқашта жылумен жабдықтау саласында жемқорлық дерегі анықталды, деп хабарлады Антикор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы жылу желілері» ЖШС және «Балқаш жылу» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр.
«АлТС» ЖШС-нің бас директоры мен басқа да қызметкерлері 16 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді (Қылмыстық кодекстің 366-бабы). «Балқаш жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және бас бухгалтері өздерінің шоттарына артық жалақы есептеу жолымен 272 млн-нан аса теңгені ұрлады деген күдікке ілінді (Қылмыстық кодекстің 189-бабы). Сондай-ақ компанияның 1,5 млрд-тан аса теңге қарызы болған, - деп жазылған хабарламада.
2 дерек бойынша күдіктілер кінәсін толық мойындады. Сондықтан оларға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Danish Romance Way of life
Алдыңғы мақала
Danish Romance Way of life

Ұқсас жаңалықтар