Жаңалықтар

Алматы мен Балқашта шенеуніктер жылуға бөлінген қаржыны жымқырған

Алматы мен Балқашта шенеуніктер жылуға бөлінген қаржыны жымқырған

Алматы және Балқашта жылумен жабдықтау саласында жемқорлық дерегі анықталды, деп хабарлады Антикор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы жылу желілері» ЖШС және «Балқаш жылу» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр.

2 дерек бойынша күдіктілер кінәсін толық мойындады. Сондықтан оларға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.