Жаңалықтар
Алматы облысында 130 жылдық тарихы бар Жаркент мешіті қалпына келтіріліп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 15 қараша, 2021
- 227
Алматы облысында 130 жылдық тарихы бар Жаркент мешіті қалпына келтіріліп жатыр
Алматы облысында 130 жылдық тарихы бар көне Жаркент мешіт қайта қалпына келтіріліп жатыр. Ағашты қиюластыру арқылы шегесіз салынған алып ғимараттың іші ақталып, суреттері қайта боялып жатыр. Сәулет өнерінің ерекше үлгісі Вали Ахун Юлдашевтың тапсырысымен қытай архитекторы Хон Пиктің жетекшілігімен көпшіліктің қаражатына салынған.
Әбден тозған ғимарат 1975-1978 жылдар аралығында алғаш рет реставрациядан өткізіліпті. Содан кейін тағы бес мәрте қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Соның барлығына қылқалам шебері Қуаныш Сейітбеков қатысыпты. Кәсіби суретші осы жолы да асқан ыждахаттылықпен бағаналарды бояп, тарихи нысанды жаңғыртып жатыр. Ол мешіттегі суреттерде тұтас өмірлік философия көрініс тапқан, дейді.
Келесі жылы да жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр. Ол кезде көне мешіттің кіреберіс қақпасы саналатын ғимарат қалпына келтірілмек.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз