Жаңалықтар

Алматы облысында 15 жастағы оқушы алты адамды қағып кетті

Алматы облысында 15 жастағы оқушы алты адамды қағып кетті

Зардап шеккендердің барлығы 2008 жылы туған жасөспірімдер екені анықталды. Олардың бесеуі ауруханада жатыр. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатын жасаған оқушы ағасының көлігін сұрамай мініп кеткен. Алайда рөлге ие бола алмай, тротуарға шығып кетіп, алты адамды қаққан.