Жаңалықтар
Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған
- авторСадуақас Айсұлу
- 21 ақпан, 2025
- 755
Алаяқ Алматы облысында ұсталды
Алматы облысында полицейлер 2023 жылы қайтыс болған баласын емдеуге қаражат сұрап, алаяқтық жасаған әйелді ұстады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, 31 жастағы Қонаев қаласының тұрғыны адамдардың сеніміне кіріп, заңсыз ақша жинаған. Сонымен қатар оның тағы бір алаяқтық ісіне қатысы бары анықталды: ол науқас баланы емдеуге қаражат қажет деген желеумен азаматтарды алдап келген.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Алматы облысында жол апатынан үндістандық екі студент көз жұмды
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 қаңтар, 2026






