сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 11:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы облысында Асқар Забикулин атындағы жас патриоттар клубы ашылды

Алматы облысында Асқар Забикулин атындағы жас патриоттар клубы ашылды
ашық дереккөзі
Алматы облысында Асқар Забикулин атындағы жас патриоттар клубы ашылды
Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында Астанада бірнеше адамның өмірін құтқарып қалған өрт сөндіруші Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубы ашылды. Салтанатты шараға батырдың жұбайы, туыстары мен достары қатысты. Клубты ашудың мақсаты – өскелең ұрпақты азаматтық-патриоттық тұрғысында тәрбиелеу. Болашақта әскери-патриоттық клубты толыққанды бейінді сынып ретінде қалыптастыру жоспарлануда. Шараның ашылу рәсімінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің құттықтауының видеотрансляциясы жасалды. Ведомство басшысы Алматы облысы Білім басқармасының қызметкерлеріне, Абай атындағы мектеп-гимназияның педагогикалық құрамына, ата-аналар ұжымы мен оқушыларға өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелерінде атқарып отырған жұмыстары үшін зор алғыс білдіріп, жаңа жетістіктер тіледі. Сондай-ақ балалардың еліміздің лайықты азаматтары атануына тілектестігін жеткізді. Бұдан бөлек, бірқатар ұстаздар мен облыстық Білім басқармасының лауазымды тұлғаларына ТЖ министрінің алғыс хаттары табыс етілді. «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубының 8 «А» сынып оқушыларымен «Бейбіт күннің батыры» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Жас өрт сөндірушілер мектепті бітіргеннен кейін нағыз патриот болып, адамдардың өмірін қорғауға атсалысады деп үміттенеміз. Айта кетейік, кеше Астанадағы саябақта А.Забикулинге естелік тақта орнатылған болатын. 2022 жылдың қарашасында елордада көпқабатты үйлердің бірінде өрт болып, 3 адам, оның ішінде 1 бала ауруханаға түсті. Құтқару жұмыстарына қатысқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин денесінің 80% жуық бөлігін күйік шалып, ол №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күресті, бірақ ол 20 қарашада ауруханада көз жұмды. Қызметтік борышын орындау және адамдар өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен өз ісіне берілгендігі үшін, азаматтық қорғау капитаны Асқар Серікұлы Забикулин І дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасымен марапатталды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар