Жаңалықтар

Алматы облысында болған атыстан бір адам көз жұмды, тағы төртеуі жарақат алды

Алматы облысында болған атыстан бір адам көз жұмды, тағы төртеуі жарақат алды

Іле ауданында тегіс ұңғылы қарудан жарақат алған 4 жергілікті тұрғын ауруханаға түсті, деп хабарлады полиция. Тағы бір адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Оқиғаға қатысушылар ұсталды. «Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда», - деп нақтылады полиция.