Алматы облысында дауылдан бір адам көз жұмды

Осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдардың қатысуымен кешенді тексеру жүріп жатыр.
Алматы облысында дауыл салдарынан ағаш құлап, ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, 7 сәуірде "Алматы-Бішкек" тас жолының 37-шақырымында Шамалған ауылына жақын жерде қатты желден ағаш құлап, салдарынан 46 жастағы ер адам қаза тапты.