Жаңалықтар

Алматы облысында мопед айдаған 21 жастағы жігіт жол апатынан қаза тапты

The final spritzer

Алматы облысы, Талғар ауданында мопедті басқара алмай қалған жігіт апатқа ұшырады

Оқиға Тұздыбастау ауылында орын алған,  – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Апат орнынан тараған аянышты видеода: «Мопед, тағы да мопед. Құдайым-ай, жігіттер абай болыңыздаршы», -деген дауыс естіледі.

Алматы облысының полиция департаменті:

«21 жастағы жүргізуші Тұздыбастау ауылының бір көшесінде рөлді басқара алмай, аударылып бетон тірекке құлаған. Апат салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды» деп жауап берді.