Жаңалықтар

Алматы облысында судья мен Мемкірістер департаментінің қызметкері тергеліп жатыр

Алматы облысында судья мен Мемкірістер департаментінің қызметкері тергеліп жатыр

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясына және Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деген күдікке ілінген.