Алматы облысында түнде болған жол апатынан бірнеше адам зардап шекті

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Алматы – Өскемен тас жолының 47-шақырымында 5 маусым күні кешкі сағат 22:50-де үш көлік соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі алда келе жатқан дәл сондай маркалы көлікке соқтығысқан. Соққыдан кейін екі көлік те басқарудан шығып, жол жиегіндегі қоршауға соғылып, кейіннен Toyota Land Cruiser көлігіне барып тірелген.