Алматы облысында топырақ көшкінінен 2 үйге зақым келді
- авторДиана Орынбасар
- 23 наурыз, 2024
- 887
Ведомство мәліметінше, 23 наурызда сағат 00:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Бесағаш ауылында "Бурабай" коттедж қалашығында жаңбыр мен қарлы жауын-шашын жауыы салдарынан топырақтың батпақтанып, тау баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына топырақтың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Топырақ аяқталмаған қорғаныс қоршауының шетінен өтіп кеткен (биіктігі 4 м бетон тіреу қабырғасы). Құлаған топырақ салдарынан үйдегі терезе сынған, сонымен қатар жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша тұрған құрылысқа (үй шаруашылығына) ішінара зақым келтірді.
"Түскен топырақтың болжамды көлемі - 500 текше метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Екі үйде 9 адам тұрады. Оқиға орнында ТЖ бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері екі көшені аралау жұмыстарын ұйымдастырды. Тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін Қазселденқорғау қызметкерлері ескерту хабарламасын берген болатын" , - делінген хабарламада.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 15 қызметкері мен 4 техникасы, ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ 1 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 10 қызметкері мен 2 техникасы, 2 жедел жәрдем бригадасы жеткен.