Жаңалықтар

Алматы облысында топырақ көшкінінен 2 үйге зақым келді

Талғар ауданының Бесағаш ауылында "Бурабай" коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты таудың баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына топырақтың көшкіні болды, деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 23 наурызда сағат 00:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Бесағаш ауылында "Бурабай" коттедж қалашығында жаңбыр мен қарлы жауын-шашын жауыы салдарынан топырақтың батпақтанып, тау баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына топырақтың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Топырақ аяқталмаған қорғаныс қоршауының шетінен өтіп кеткен (биіктігі 4 м бетон тіреу қабырғасы). Құлаған топырақ салдарынан үйдегі терезе сынған, сонымен қатар жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша тұрған құрылысқа (үй шаруашылығына) ішінара зақым келтірді. 

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 15 қызметкері мен 4 техникасы, ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ 1 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 10 қызметкері мен 2 техникасы, 2 жедел жәрдем бригадасы жеткен.