жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы облысында жеті автокөлікті тонаған 20 жастағы күдікті ұсталды

Алматы облысында жеті автокөлікті тонаған 20 жастағы күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы облысында жеті автокөлікті тонаған 20 жастағы күдікті ұсталды
Ағымдағы жылдың мамыр-қазан айлары аралығында Талғар ауданы аумағында бірнеше ұрлық дерегі орын алған. Күдікті Тұздыбастау, Бесағаш және Талдыбұлақ ауылдарындағы жеке үйлердің аумағына қоршау арқылы кіріп, иелерінің немқұрайлылығын пайдаланып, ашық, қымбат автокөлік ішінен ақша мен бағалы заттарды алып кететін болған. Ол жеті автокөліктен жалпы сомасы 6 500 000 теңгені құрайтын ақша мен бағалы заттарды заңсыз иемденген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрының Еңбекшіқазақ ауданы Рахат кентінің 20 жастағы тұрғыны екендігі анықталды. Алайда оның белгісіз бағытқа кетуіне байланысты оны ұстау мүмкін болмады. Күдіктінің Алматы қаласына кеткені белгілі болды. Онда ол жалпы материалдық шығыны 2 500 000 теңге болатын тағы төрт ұрлық жасаған. Қазіргі уақытта, Алматының жергілікті жедел уәкілдері оны ұстап, қамауға алды. Ұрланған ақшаға сатып алынған ВМW автокөлігі тәркіленіп, сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды. Бүгінгі таңда күдіктінің жалпы материалдық шығыны 9 миллион теңгеден асатын 11 қылмысқа қатыстылығы дәлелденді. Өз кезегінде, полиция азаматтарды көлік құралдарында ақша мен құнды заттарын қалдырмауға шақырады. «Көшеде және үйлердің аулаларында ашық күйде автомашиналарды қалдырмаңыздар. Ұрылардың әрекетінен қорғану үшін аулаңызда бейнебақылау жүйесін немесе күзет ұйымдарының қызметтерін пайдаланыңыз», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар