жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды
ашық дереккөзі
Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды
Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы мүшелері аман-есен табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап хабарлайды. «Республикалық жедел-құтқару жасағы тобының және Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автомашина табылды. Адамдардың саны анықталуда, алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбінің машинасында жанармай таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.Еске салсақ, бүгін таңертең Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне отбасының жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.Сонымен қатар жоғалып кеткен отбасын іздеу жұмыстары күшейтілген еді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар