жұма, 9 қаңтар, 2026 13:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы облысында жол апатынан үндістандық екі студент көз жұмды

Алматы облысында жол апатынан үндістандық екі студент көз жұмды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Алматы маңында болған жол-көлік апатынан Үндістанның бес азаматы зардап шекті.

Олардың ішінде Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің төрт студенті және Үндістаннан келген бір турист болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алдын ала мәлімет бойынша, «Toyota Alphard» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, көлікте болған екі үндістандық студент те көз жұмды. 

«Олар Шымкенттен Алматыға қарай жол жүріп бара жатқан. Екі адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр», - делінген Үндістанның Астанадағы елшілігінің хабарламасында.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар