жұма, 25 шілде, 2025 12:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы облысының тауларында аяғынан жарақат алған турист құтқарылды

Алматы облысының тауларында аяғынан жарақат алған турист құтқарылды
ТЖМ
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады

Алматы облысының тауларында аяғынан жарақат алған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алматы облысы Талғар ауданындағы Сол жақ Талғар шатқалында демалыста жүрген туристік топтың бір мүшесі аяғынан жарақат алып, өздігінен жүре алмай қалған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу аттанды. Құтқарушылар зардап шеккен азаматқа жету үшін таулы, қиын жолдармен жаяу жүруге мәжбүр болды.

Оқиға орнында зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол арнайы зембілмен, 3200 метр биіктікте орналасқан, тік және тасты тау соқпақтарымен төмен қарай эвакуацияланды.

Құтқару жұмыстары күрделі жағдайда өтті: қиын жер бедері, сондай-ақ зардап шеккен адамның салмағы 90 келіден жоғары болған. Соған қарамастан, құтқарушылар кәсіби және үйлесімді әрекет етті.

ҚР ТЖМ құтқарушыларының табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында ер адам сәтті эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.

 

 

 

Бөлісу:
Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар