Жаңалықтар

Алматы облысының жаңа әкімі тағайындалды

Алматы облысының жаңа әкімі тағайындалды

Марат Сұлтанғазиев — Алматы облысының әкімі. ⠀ Бұл қызмет Қанат Бозымбаевқа тиесілі еді. Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі. 2018 жылғы қазаннан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2021 жылғы 12 мамырдан бері Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі лауазымын атқарды.