Жаңалықтар

Алматы прокуратурасы вайнерлер - Мейіржан мен Мейірханның ісін сотқа жолдады

Алматы прокуратурасы вайнерлер - Мейіржан мен Мейірханның ісін сотқа жолдады

  • Алматы прокуратурасы қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деп айыпталған вайнерлердің ісі Алмалы аудандық сотына жолданды, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.
  • Сонымен бірге іс фигуранттары Әділет Ораз бен Әзімжан Саидбаев әлі іздестіріліп жатқаны, оларға халықаралық іздестіру жарияланғаны хабарланды.   Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банктік шотқа және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынған. Іс бойынша айыптауды процессуалды прокурор қолдайды. Еске салайық, 2022 жылғы 10 ақпанында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты "Қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және басқару" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оларды қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Кейінгі рет 21 қарашада тағы бір айға, 19 желтоқсанға дейін қамауда ұсталатыны хабарланған еді.