дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 11:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру үшін Қытаймен серіктестікті нығайтады

Алматы сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру үшін Қытаймен серіктестікті нығайтады
Фото: Алматы әкімдігі
Биыл 30 жаңа станция іске қосылмақ.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға сапары барысында ҚХР-дың жер сілкіністері жөніндегі агенттігіне (China Earthquake Administration, CEA) барды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 Алматы сейсмикалық белсенді аймақта орналасқандықтан, қаланы дамыту бағдарламасының негізгі міндетінің бірі – сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту.

Сапар аясында Қазақстанның Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы мен CEA Геофизика институты арасында келісімге қол қойылды. Құжат сейсмикалық мониторинг бойынша бірлескен жұмысты және жер сілкінісі туралы ерте хабарлау жүйелерін біріктіруді көздейді. Бұл қазақстандық және қытайлық мамандарға нақты уақыт режимінде жедел дерек алмасуға мүмкіндік береді.

Алматыда қазір жер сілкінісі туралы ерте ескерту беретін 28 станция жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы 70 станция орнату жоспарланған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар