Жаңалықтар

Алматы тұрғындары 1 704 метрлік лағман созып, рекорд орнатты

The final spritzer

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматының Жетісу ауданында бірегей шара өтті.

 Ел тарихында ең ұзын лағман "Айнабұлақ" шағын ауданындағы № 4 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әзірленді, -.деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Әкімдіктің мәліметінше, 1 704 метрлік лағман Қазақстанның рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді.

Лағманның қамыры 19 келі ұннан иленген. Шараға 50-ден астам адам қатысқан. Тағам аспаздар мен облыс тұрғындарының күшімен екі сағатта дайындалған.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрлі этнос өкілдері ортақ дастарқанда ауызбіршілік танытып, иық тіресе еңбек етті.