Жаңалықтар

Алматы тұрғынына АҚШ-тан марихуана қосылған мармелад беріп жіберген

The final spritzer

Бұл сәлемдеме 30 жастағы жігітке АҚШ-тан келіпті.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде марихуана мен есірткі қосылған мармелад болған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Тұрғынның үйін тінту барысында полицейлер ерекше иісі бар, өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған 27 түйіншек тапқан.

"Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі жеткізу арнасы және күдіктінің бұл заңсыз сәлемдемені қандай мақсатта алғаны анықталады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.