Жаңалықтар

Алматы ТЖД басшысы қызметінен кетті

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Нұрлан Атығаев Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 Еске салайық, 9 шілдеде Назарбаев даңғылында "Газель" көлігі өртеніп, жарылыс болған. Алайда дау өрт шыққаннан кейін емес, өрт сөндірушілер келген кезде басталды – олар оқиға орнына суы жоқ көлікпен келген.

Айта кетейік, Нұрлан Атығаев Алматы ТЖД бастығы болып 2023 жылғы 16 қазанда тағайындалған еді.