Жаңалықтар

Алматы әуежайының қызметкерлері желідегі видеодан кейін жазаланды

Алматы әуежайының қызметкерлері желідегі видеодан кейін жазаланды

Әлеуметтік желіде Алматы халықаралық әуежайы қызметкерлерінің жолаушылар жүгін ұқыпсыз түсіріп жатқаны көрсетілген видео тарап жатыр. Бұған қатысты әуежайдың баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Әуе айлағының баспасөз қызметі ұшатын рейстердің бірінде жүкті (жолаушылар багажын емес) тиеу талабы бұзылғанын растады. «Жүкті абайсыз тиеген қызметкерлер тәртіптік ескертулер алды. Мұндай қатеге жол бермеу үшін әуежайдағы барлық жүк тиеу қызметкеріне нұсқау және жүкті дұрыс сұрыптау бойынша жадынамалар берілді. Жүкті тиеу процедурасының дұрыстығын бақылау үшін қосымша тексерулер жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметінен.