Алматы және Жамбыл облыстарында түні бойы 200 құтқарушы су тасқынымен күресті
Алматы және Жамбыл облыстарында түні бойы 200 құтқарушы су тасқынымен күресті
Олар 5 елді мекенді су басып қалуының алдын алды.
Қардың күрт еруінен егістіктерден ағып келген суды бұру бойынша жұмыс жүргізілді.
Бір түнде 18 мың метр су бұру каналы қазылды, 16 мыңнан астам текше метр су сорылды, деп хабарлады төтенше жағдай министрлігі.